Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Арыс тұрғындарына қанша өтемақы беріледі

2019 жылдың 25 маусым 2019 14:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету үшін бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат жұмсалатын болады. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй құрылыстарының басым бөлігі сақтандырылмаған шығар. Сондықтан әрбір үйге, оны қайта қалпына келтіру көлеміне байланысты жеке-жеке шешім қабылданатын болады. Бұл үшін комиссия құрылды, бағалау жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Оның айтуынша, Арыста қалпына келтіру жұмыстарына бюджет қаражатынан тыс ақша да тартылады. Қазірдің өзінде көптеген бюджеттік ұйымдар, мемлекеттік органдар, жеке компаниялар Арыстың зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін ақшалай қаражат аударып жатыр.

«Сол себепті қаржыландыру әртүрлі көздерден, оның ішінде бюджеттен тыс көздерден де жүргізіледі. Қаржыландыру көлемі бағалау комиссиясын байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстар қысқа мерзімнің ішінде аяқталуы тиіс. Әкімдіктер де барынша жұмыс істейді. Республикалық бюджеттен бөлінетін қажетіт қаржыландыру көлемі бойынша есеп ұсынылады», - деді ҚР ІІМ орынбасары.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Арыс, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай