Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Арыс маңында жарылыс болып, 10 сапер зардап шекті

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 18:07

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласынан 60 шақырым жерде, арнайы жасақталған полигон аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«21 қыркүйек күні арнайы жасақталған полигон (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) аумағындағы жоспарлы жарылыс жасау жұмыстары барысында оқ-дәрі фрагменті өздігінен жарылды. Соның салдарынан арнайы дайындықтан өткен 10 сапер - келісімшарт әскери қызметшісі жарқыншақ тиіп жарақат алды», - делінген министрлік ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, барлық әскери қызметшілер ҚР Қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылған. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Болған оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде.


Жоғары қарай