Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Арыс: Қорғаныс министрі арнайы комиссияның жұмысымен танысты

2019 жылдың 20 шілде 2019 15:13

АРЫС. Қазақпарат – ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жедел штабта жауапты тұлғалардың Арыстағы жағдай туралы баяндамасын тыңдады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Арыс қаласында өткен кеңесте қалаға іргелес аумақтарды тазалау, әскери бөлімді көшіру, оның ішінде қару-жарақты, оқ-дәрілерді және мүлікті шығаруды ұйымдастыру, әскери қалашықтың инфрақұрылымын қалпына келтіру мәселелері қаралып, жұмысты ширату жөнінде тапсырмалар берілді. Әскери қоймалар мен оған іргелес аумақты тексеру барысында әскери ведомство басшысы төтенше оқиғаның себептерін анықтап жатқан арнайы комиссия жұмысының алдын ала нәтижелерімен танысты», - длінген бапсасөз мәліметінде.




Арнайы комиссия кеңесінен кейін Нұрлан Ермекбаев Шымкент гарнизонының бірқатар әскери бөлімдеріндегі оқу-материалдық базаның жай-күйін тексерген. Жауынгерлік машиналар паркінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының қару-жарағында тұрған әскери техниканы сақтау жағдайларымен танысқан.




Зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймасында атыс қаруы мен олардың оқ-дәрілерін сақтау шарттары мен тәртібін тексерді. Сонымен қатар, жанар-жағар май және авиациялық зақымдау құралдары қоймаларын аралап көрді. Қорғаныс министріне оқ-дәрілердің ағымдағы жағдайы, сақталу тәртібі мен шарттары, қару-жарақтың, әскери және авиациялық техниканың жасақталу жай-күйі және инфрақұрылым объектілері мен техникалық аймақты одан әрі дамыту жөніндегі проблемалар туралы баяндалды.




Гарнизондағы жұмыс қорытындысы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, әскери қызметшілердің өртке қарсы және диверсияға қарсы қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтауы және орын алған кемшіліктерді жою жөнінде нақты нұсқаулар берілді.








Жоғары қарай