Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Арыс қаласындағы вокзал сарапшылардың бақылауымен қалпына келтіріліп жатыр

2019 жылдың 16 тамыз 2019 20:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы вокзал сарапшылардың бақылауымен қалпына келтірілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше құрамында реставраторлар, тарихшылар, мәдениет министрлігінің лауазым иелері бар комиссия жұмысына қатыстым. Онда 1904 жылы салынған Арыс қаласындағы вокзал нысаны тексерілді. Оның интерьері қалпына келтіру жұмыстары кезінде қатты өзгеріске ұшырады деген болжамды тексердік», - деп жазды ол.

50 жылдық тәжірибесі бар реставратор Қанат Тұяқбаевтың айтуынша, вокзалдағы жазбалар 2004 жылы пайда болған.

«Оның ешқандай тарихи құндылығы жоқ. Ғимараттың сыртында да еш өзгеріс жоқ. Жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерлер, керісінше, патша дәуіріндегі тарихи бірегей құрылысты ашты. Барлық шаралар қалпына келтіру жұмыстарын атқаратын лицензиясы бар арнайы ұйымның бақылауымен жүріп жатыр. Мәдениет вице-министрі Нұрғиса Дәуешев жергілікті маңызы бар сәулет ескерткіштерінің қалпына келтіру жұмыстарының сапасы мен жоғары қарқынын атап өтті. Осылайша бірқатар БАҚ-та тараған ақпарат негізсіз», - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бүгін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арман Жетпісбай Арыс вокзалындағы жөндеу жұмыстарының 24 тамызда аяқталатынын мәлімдеді.

Жоғары қарай