Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Арыс қаласында 1,5 мыңға жуық үй қалпына келтірілді

2019 жылдың 18 шілде 2019 12:10

АРЫС. ҚазАқпарат - Бір тәулік ішінде құрылысшылар Арыс қаласында тағы 109 тұрғын үйді тапсырды. Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, қалпына келтірілген үйлердің саны бүгін 1469-ға жетті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Арыстағы үйлерді қалпына келтіруге 17 өңір мен республикалық маңызы бар 3 қаладан 207 құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Бұл - шамамен 6868 жұмысшы және 265 арнайы техника.

Айта кетейік, әскери полигонда болған оқиғадан кейін Арыс қаласындағы барлық үйлердің 85% бүлінгені анықталды. ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын 100-ден 250-ге дейін үй қалпына келтіру жұмыстарымен қамтылады.

Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 1 тамызға дейін тапсырылуы тиіс.

Жоғары қарай