Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Арыс балалары Қарағанды облысындағы Бектауата шатқалында демалады

2019 жылдың 6 тамыз 2019 21:55

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы жарылыстан соң қайта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Арыс қаласының балаларын демалуға шақырды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Осыған дейін бір топ бала жарты ай бойы Қарқаралы ұлттық табиғи паркіндегі демалыс базасында демалған болатын. Ал екінші топты Ақтоғай ауданында қарсы алып, Бектауата шатқалындағы Сарыарқаның «марсиандық» пейзаждары бар киелі жеріне алып келді.





Осыған дейін хабарланғандай, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Қарқаралы қаласында 30 балаға демалыс ұйымдастырған болатын. Жас қонақтарды «Политехник» демалыс базасында орналастырып, оларға экскурсиялар мен туристік жорықтар, спорттық жарыстар мен зияткерлік ойындар бар мазмұнды бағдарлама ұйымдастырды.





Сарыарқаның інжу-маржандарымен танысқан балаларды үйлеріне шығарып салды. Енді олардың орнына басқа топ келді.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың бастамасымен Арыстан 200 бала Ақтоғай ауданының Бектауата шатқалында орналасқан қала сыртындағы «Факел» сауықтыру лагеріне қабылданды. Сарышаған стансасының теміржол вокзалында оларды шашумен қарсы алды.
Кішкентай қонақтарды Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова, Приозерск қаласының әкімі Қайрат Қамзин, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Айман Түкбаева, педагогтар мен ата-аналар қауымы қарсы алды. Автобустардың, Газельдердің, спринтерлердің және жеңіл автокөліктердің автоколоннасы Жол полициясы қызметкерлерінің ілесіп жүруімен Бектауата шатқалына бет алды.
«Факел» командасы балаларға көптеген жарқын әсер сыйлау үшін барлығын жасауға уәде берді. Бір ай бойы олар экологиялық таза тау аймағында демалады. Арыс оқушыларын қызықты бағдарлама күтіп тұр: таза ауада спорттық-бұқаралық ойындар, робототехника мен қолмен модельдеу шығармашылық зертханаларында танымдық сабақтар, туристік жорықтар, мерекелер, дискотекалар және т.б. Лагерьде олар алты рет тамақтанады және қымыз ішіп ем алады.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Арыстың балаларына үйлеріне Қарағанды облысының әкімдігі атынан табыс етілген сыйлықтармен оралады.















Жоғары қарай