Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Арыс аумағына 800 әскери қызметші жеткізілді

2019 жылдың 24 маусым 2019 19:47 514

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы ТЖ аумағында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арыс тұрғындарын эвакуациялауға 150  автокөлік тартылды. Қаланы күзетуге аудандық ішкі істер бөлімі толық жұмылдырылды. 345 қызметкер, 75  арнайы көлік, 51 жедел жәрдем көлігі тартылды.  Одан бөлек, Қорғаныс министрлігі тарапынан 800 әскери қызметші қала аумағына жеткізілді. Олар жедел тапсырмаларды орындайтын болады. Соңғы бір сағатта Арыс қаласынан 1616 адам эвакуацияланды», - деді Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында тікелей эфирде өткен баспасөз брифингінде.

 

 

Жоғары қарай