Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Аружан Саин Бас прокурордан барлық балалар үйін тексеруді сұрады

2019 жылдың 27 тамыз 2019 15:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Рудныйдағы балалар үйінде болған жағдайға қатысты ҚР Бас прокуратурасына жолдаған сауалына жауап алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рудныйдағы балалар үйінде болған жағдай ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді үнемі қадағалап отыру қажеттігін тағы бір рет көрсетіп берді. Қадағалау тек мемлекеттік органдар тарапынан ғана емес, қоғамдық ұйымдар тарапынан да жүруі тиіс. Бұған дейін де прокурорлық тексерулер мен UNISEF, Human Rights Watch сияқты халықаралық ұйымдардың зерттеулері кезінде балалардың құқықтарын таптау фактілері анықталғаны туралы талай жазғанмын. Қазақстан аталмыш балаларды орналастырудың отбасылық нормаларын дамыту және мемлекеттік мекемелер жүйесін институтсыздандыру жөніндегі ұсынымдарды орындауға тиіс. Осыған байланысты, 25 шілдеде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде ҚР Бас прокуратурасына хат жолдағанмын. Әлі жауап алған жоқпыз», деп жазды Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында.

Өз жазбасында ресми уәкіл құзырлы органға жолданған сауалдың мәтіні мен көшірмесін ұсынған. Ол хатында ҚР Бас прокурорынан барлық интернат үлгісіндегі балалар мекемесіне тексеру жүргуізуді сұраған.







Жоғары қарай