Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 366.86
EUR 424.49
RUB 5.60
CNY 53.02

Артық салмақ жинаған ақтөбеліктерге Литва дәрігері ота жасады

2018 жылдың 14 маусым 2018 16:44 705

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе медициналық орталығының дәрігерлері артық салмақ қосқан адамдарға ота жасау технологиясын меңгеріп жатыр. Шеберлік сабағын Литваның Каунас қаласынан келген хирург өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ақтөбеде медициналық кластерді дамыту мақсатында әлемнің жетекші елдерінен дәрігерлер келіп, тәжірибе сабағын өткізіп жатыр. Бұл жолы Ақтөбеге Литвадан хирург Алмантас Маляскас келді. Ол Каунас қаласындағы университет емханасында жұмыс істейді. Ақтөбеге жұмыс сапары кезінде төртінші деңгейлі артық салмақ жинаған 7 адамға ота жасады. Ота лапароскопиялық әдіспен жасалып, ақтөбелік дәрігерлер тәжірибе жинады. Барлық операция онлайн режімде көрсетіліп, медициналық орталық дәрігерлері конференц-залдан қарап отырды. Профессор Алмантас Маляскастың айтуынша, артық салмақтан арылуға арналған отаның бұл түрі кең таралған.


null 

«Ота кезінде асқазанның көлемі кішірейтіліп, негізгі қалпына келтіріледі. Мұндай отадан соң адам өз салмағын тұрақты ұстап тұра алады. Сонымен қатар, бойға жиналған артық салмақтың 75 пайызынан арылуға болады»,- деді профессор Алмантас Маляскас.

Айта кетейік, Литва дәрігері артық салмаққа душар болған 5 баланы қабылдап, кеңес берді. Хирург күзде тағы келіп, бірнеше ота жасап, ақтөбелік дәрігерлер тәжірибе жинайды. Ал Ақтөбе медициналық кластерін дамыту мақсатында бауыр, бүйрек ауыстыру отасы Оңтүстік Корея дәрігерлерінің көмегімен жасалды. Сонымен қатар, Ресей дәрігерлері де өз тәжірибелерімен бөліседі. Еуропаның жетекші елдерінен тәжірибе жинау жұмысы әрі қарай жалғасады. 

 

 

Жоғары қарай