Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Көкшетауда 33 жастағы ер адам үйінде көз жұмды

2020 жылдың 28 ақпан 2020 15:27

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда 33 жастағы ер адам дәмхана иесінің қолынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыс ақпанның 25-де жергілікті дәмханалардың бірінде болған. Қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем стансасының фельдшері хабарласып, 1987 жылғы ер адамның үйінде көз жұмғаны туралы айтқан. Ер адамның мәйітін тексеру кезінде оң жақ қабағы жарылып, мұрын тұсында соққының ізі байқалды.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде тәртіп сақшылары ер адамды жергілікті дәмханалардың бірінің иесі соққыға жыққанын анықтады. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 106-бабының 3- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тиісті сараптама тағайындалды. Күдіктіні ұстау бойынша шарасы қолға алынды», - дейді ведомстводан.


Жоғары қарай