Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 408.61
EUR 454.09
RUB 5.86
CNY 57.28

Коронавирус: Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі кейінге қалдырыла ма

2020 жылдың 26 ақпан 2020 00:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA вице-президенті Мишель Ува коронавирус дертіне байланысты 2020 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық кезеңін өткізуден бас тарту немесе кейінге қалдыру жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

«Қазір біз жағдайды бақылап отырмыз. Футбол елдегі жағдайға байланысты реттелуі тиіс. Біз турнирді тоқтатпауға тырысамыз. Жағдай күрделі сипатқа ие болса, жарыс тоқтатылады», - деді Мишель Ува.

Естеріңізге сала кетелік, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 11 мемлекеттің 12 стадионында өткізіледі. Турнирге 24 құрама қатысады. Жарыс 12 маусымда басталып, 12 шілдеде Англияның «Уэмбли» стадионында мәресіне жетеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай