Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Атырау облысы әкімінің қабылдауына 41 тұрғын келді

2020 жылдың 20 ақпан 2020 11:49

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің жеке қабылдауына 41 тұрғын келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тұрғындар алдында берген есебінде әлеуметтік мәселеге қатысты көп сұрақ қойылды. Сондай-ақ, әкімнің жеке қабылдауына сұранушылар да көп болды.

«Халыққа есеп бергеннен кейін жеке қабылдауыма жазылған азаматтармен жүздестім. Қабылдауға әр түрлі мәселемен келген 41 адамның сұрақтарына жауап бердік. Олармен кездесуге орынбасарларым, облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен қала әкімдігі өкілдері де болды. Заң шеңберінде шешілетін проблемаларға қатысты тиісті мамандарға тапсырма берілді. Түннің бір уағына дейін менімен бірге отырып, халықтың сауалына жауап берген әріптестеріме алғысымды білдіремін», деп жазды облыс әкімі Facebook-тегі парақшасында.



Жоғары қарай