Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Биыл Жамбыл облысының 70-тен астам ауылы ауыз сумен қамтылады

2020 жылдың 19 ақпан 2020 14:40

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылы Жамбыл облысының 70-тен астам ауылы ауыз сумен қамтылады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылы Жамбыл облысында 70-тен астам ауылы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 57,3 пайыздан 77 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев хабарлады.




Сондай-ақ, облыс әкімі 48 мың тұрғыны бар 35 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Сонымен қатар, биыл облыс аумағында баламалы энергия көздерін өндіретін төрт стансияны іске қосу жоспарланып отыр. Ол баламалы энергия көздерінің үлесін 17,2 пайыздан 22 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Тарифтерді үнемдеу мақсатында жылу, газ, су есептегіш құралдарын орнату бойынша жұмыстар, ТКШ жүйесін жаңғырту бойынша Еуропа Қайта Құру және даму банкімен ынтымақтастық шаралары жалғасады.








Жоғары қарай