Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Биыл мемқызметтердің 90 пайызы электрондық форматқа көшеді – Біржан Нұрымбетов

2020 жылдың 17 ақпан 2020 11:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 90 пайызын электрондық форматқа көшіру жоспарланған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Еңбек министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы маңызды жобаларды іске асырады. Біріншісі – «Отбасының әлеуметтік картасы». Ол Қазақстан халқының 100 пайызын, яғни 7 миллион отбасын қамтиды. Әлеуметтік карта әр отбасының қандай өмірлік жағдайда екенін көрсетеді, күрделі немесе дағдарысты жағдайдан шығу үшін жұмыс алгоритмін айқындайды.

«2019 жылдың шілдесінде әлеуметтік карталар қалыптастырғаннан кейін күрделі және дағдарысты жағдайда болған 101 мың отбасы анықталды. Оларға қатысты жұмысқа орналастыру, емханаларға, балабақшалар мен мектептерге бекіту бойынша шаралар қабылданды. Барлығы 150 мыңнан астам шара жүзеге асырылды. Қыркүйек айында 505 отбасы өмірлік қиын жағдайдан шығарылды. Оларға 533 әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілді», – деді Біржан Нұрымбетов.

Министр атап өткен екінші жоба – «Қазақстан азаматының әлеуметтік ID» әлеуметтік жәрдемақы алудың ашықтығын, қолайлылығын арттыруға бағытталған. Әлеуметтік ID АӘК төлеуді, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді, көпбалалы және табысы аз отбасылардың балаларының мектептерде тегін тамақтануын төлеуді көздейді. Ақтөбе әкімдігімен бірлесіп оны ілкі қолдану 2019 жылдың шілдесінде басталды, операторы «Қазпошта» АҚ болды. 5 мыңға жуық карта шығарылып, 31 мың транзакция жүзеге асырылды.

«Жоба Қарағанды, Атырау, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында енгізілуде. 2020 жылы жобаны барлық облыс орталықтарына тарату қажет», – деді Еңбек министрі.

Оның сөзіне қарағанда жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласында «Электрондық еңбек биржасы» және «Электрондық еңбек шарттары» жобалары іске асырылуда. Электронды еңбек биржасының арқасында 2 жыл ішінде 1 млн-нан астам адам жұмыс таба алды. «Электрондық еңбек шарттары» жобасына 25 мың ұйым қосылды. 1,1 млн электрондық шарт тіркелген, бұл қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында электрондық қызметтердің үлесі 80 пайызға жеткенін, 2019 жылдың басында 42 пайыз болғанын атап өткім келеді. Egov порталында 6 мемлекеттік қызметті орналастыру және 10 қызметті проактивті форматқа көшіру есебінен өсімге қол жеткізілді. 2020 жылдың соңына дейін біз электрондық қызметтердің үлесін 90 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деп түйіндеді Біржан Нұрымбетов.


Жоғары қарай