Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Ақтөбеде 200-ден астам мемлекеттік қызметшінің орны бос тұр

2020 жылдың 14 ақпан 2020 01:15

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мемлекеттік қызметте 272 бос жұмыс орны бар. Көбіне ауылға маман қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әдеп жөніндегі кеңес пен уәкілдердің атқаратын рөлі орасан зор. Олардың жұмысы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытталған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департамент басшысы Әділбек Мұқашевтің айтуынша, алдын алу шаралары мемлекеттік қызметшілер тәртібін жақсатуға ықпал етті.

«Жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері атқарған жұмысы нәтижесінде әдеп нормаларын бұзу 2018 жылмен салыстырғанда 28 пайызға, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтардың саны 35% азайған. Аталған өзгерістер қоғамның белсенді азаматтық ұстанымына да байланысты. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары да маңызды рөл атқарады», - деді Ә. Мұқашев.

Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілерге қатысты 26 тәртіптік іс қаралып, 21 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Шалғай ауылдарда кадр тапшылығы бар. Облыста 272 мемлекеттік қызметшінің орны бос. Дегенмен кадрлардың мемлекеттік қызметтен кетуі төмендеген. Гендерлік саясат сақталуда. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 58,1% құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы - 39,3 жас. Орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 10,7 жыл. Атқаратын лауазымдағы орташа еңбек өтілі 4 жылды құрайды. Жыл сайын білім сапасы жақсаруда. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 89,5% - жоғары білімді, 16% немесе 685 қызметшінің екі және одан да көп жоғары білімі бар. 73-і немесе 1,7% шетелде білім алған», - деді Ә. Мұқашев.

Жоғары қарай