Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Елжан Біртанов коронавирустың алдын алуға қандай шаралар қабылданғанын айтты

2020 жылдың 11 ақпан 2020 11:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайда коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасының барлық өлкесінде жаңа коронавирустық пневмониямен науқас 40 мыңнан астам адам тіркелді, оның ішінде 1016-сы көз жұмды және 3996-сы емделіп шықты. Хубей өлкесінің 16 қаласында карантин енгізілді. Әлемнің 27 елінде 448 адамда коронавирустық инфекция расталды. Бұл ретте, Қытайдағы сырқаттың таралу қарқыны 31 қаңтар мен 9 ақпан аралығында 22-ден 6,1 пайызға дейін төмендеді», - деді ол.

Министр басқа елдерде коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны 3,8-27 пайыз аралығында екендігін атап өтті. Сонымен қатар ол Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі індеттің елімізге таралуының алдын алу үшін қабылдаған шараларына тоқталды.

«2020 жылдың 6 қаңтарында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қазақстан-қытай аралығындағы мемлекеттік шекараның барлық өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту туралы қаулысы жарияланды. Қытайдан келген барлық адамдарды тұрғылықты жері бойынша мониторингілеу ұйымдастырылды. Медициналық ұйымдардың науқас және ауруға күдікті адамдарды қабылдауға дайындық ретінде қосымша 4,5 мың төсек орны ұйымдастырылды. Жеке қорғаныш құралдарының, профилактикалық және емдеу заттарының қажетті қоры құрылды», - деді Елжан Біртанов.


Жоғары қарай