Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Бір күнде 3 мыңға жуық адам қар құрсауынан құтқарылды – ТЖК

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 00:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елімізде қар құрсауында қалған 2929 адам құтқарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап хабарлайды.

«26-27 қаңтар күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 2929 адам құтқарылды, оның 289-ы бала. Қар құрсауынан 1927 көлік шығарылды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 925 жеке құрам мен 613 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген Комитет таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін елордада ақтүтек боранға байланысты ТЖД ескерту жасады. Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайдағы барлық рейстер белгісіз уақытқа тоқтатылды.

Астаналық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов, қалалық ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады. Олар жұмыс берушілерге 2020 жылдың 27 қаңтарына жұмыс кестесін қайта қарап, қысқартуға кеңес берді.

Одан бөлек, бұған дейін Нұр-Сұлтанда қоқыс таситын көліктер қардың қалың түсуі себепті контейнерлерге жете алмай жатқанын да жазған болатынбыз.


Жоғары қарай