Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қарағанды облысында 31 мыңнан астам адам қар тазалауға шықты

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 04:02

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында 30 мыңнан астам адам Birgemiz акциясына қатысты. Олардың қатарында өңірдің белсенді тұрғындары, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінен мәлім еткендей, акция барысында жас волонтерлер ерекше белсенділік танытты.
Жалпы облыс бойынша көшелер мен аулалардан 40 мың текше метр қар шығарылды.
«Өңірде волонтерлықты дамыту – өте маңызды міндет. Біз өз ауласын тазалай алмайтын ардагерлерге, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесеміз. Аудандар мен қалалардың әкімдіктері өз кезегінде осы мекенжайлардан қар шығару жұмыстарын ұйымдастырды», - деді Қарағанды облысы Жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы Нұржан Жетпісбаев.
«Мен балаларға өте ризамын. Біздің ауланы қалың қар басып кетті, тіпті үйден де шыға алмай қалдық. Ал олар көмектерін көрсетті. Бұл – өте қажетті акция. Оны ойлап тапқан адамдарға рахмет айтамыз», - деді зейнеткер Татьяна Назарова.
Қала және аудан әкімдіктерінің ақпараты бойынша, акцияға 31 мыңнан астам адам және 1643 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Орталық көшелерден, саябақтардан, гүлзарлар мен жая жүргіншілер жолдарынан қар тазалау және шығару үшін 803 бірлік арнайы техника тартылды.


Жоғары қарай