Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Қызылордада сирек кездесетін дала үкісі табылды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 21:25

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада психиатриялық денсаулық орталығы ауласынан Қазақстанда сирек кездесетін дала үкісі табылды.

Мамандардың айтуынша, құстың бұл түрі Сыр өңірінде мекен етпейді екен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық психиатриялық денсаулық орталығында қызмет атқаратын Бақыткүл Қарғабаева жұмыс орнының ауласынан дала үкісін көреді. Оны дереу құсты жылы жерге әкеліп, дереу тиісті орындарға хабарлаған. Мамандар дала үкісінің «Қызыл кітапқа» енгенін айтады.

Мамандар аталған мекенжайға барып, құстың қауіпсіздігін көрді. Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және ветеринариялық мекеме мамандары келіп, құстың жағдайын тексерді. Тексеру барысында дене жарақаты мен ауру белгілері анықталған жоқ. Құс уақытша Қызылорда орман шаруашылығы және жануарларды қорғау мемлекеттік мекемесінің мамандарына тапсырылды.





«Үкі – жапалақтардың ішіндегі ең ірісі. Негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ол бізде тундрадан басқа жердің барлығында кездеседі. Ұяларын жерге, жартастарға, кейде ағаштарға салады. Жер жағдайына және жыл маусымына қарай қоректерінің түрлері өзгеріп тұрады. Жаз кезінде қояндармен, қосаяқтармен және кірпілермен қоректенсе, қыс мезгілдерінде майда құстармен азықтанады. Қазіргі таңда Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін құстардың санатында», - дейді Қызылорда орман шаруашылығы және жануарларды қорғау мемлекеттік мекемесінің мамандары.


Жоғары қарай