Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қызылордада Ресейге жол тартқан жүк көлігінде мақта өртенді

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 19:15

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Ресей астанасы - Мәскеу қаласына мақта алып бара жатқан жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға Қызылорда қаласына қарасты ПМК-66 саяжайы аумағындағы «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» тасжолы аумағында болды. Қырғызстаннан Ресейге жол тартып бара жатқан «Renault Magnum» маркалы жүк көлігінде 94 пресстелген мақта жанып жатқаны жөнінде «112» құтқару қызметіне хабар түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті. Нәтижесінде олардың жылдам қимылының нәтижесінде 47 дана пресстелген мақта аман сақталды.

Өрт оқиғасы 34 минутта оқшауланып, толығымен сөндірілді.

«Төтенше оқиғаға №4 Өрт сөндіру бөлімінен 9 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.

Бұдан бұрын 9 қаңтарда Қызылорда облысында тасжолда көлік өртеніп кетті.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай