Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Маңғыстау еріктілері үндеу жариялады

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 12:47

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау жастары өңірдегі барлық еріктілер қозғалыстарына әлеуметтік желіде үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстаулық жастар қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға шақырды.

«Біз, Маңғыстау еріктілері, жалпыға ортақ мүддені білдіре отырып үндеу жолдаймыз! Біз секілді жалынды жастарды ұлан-байтақ Ұлы дала – тәуелсіз Отанымыздың жарқын болашағына деген селкеусіз сенім, үміт пен жүгі зор жауапкершілік Ұлы мақсат төңірегіне топтастырады. Дамудың дара даңғылына түскен елімізді бүгінгіден де қуатты мемлекетке айналдыру – баршамызға ортақ қасиетті парыз. Былтыр ұлт көшбасшысы Елбасы бастамасымен жарияланған Жастар жылы еліміздің түкпір-түкіпірінде талабы зор, ынтасы мол жас буын өкілдерінің жаппай қызу қолдауына ие болып, жемісті жүйеледік. Ал жаңа 2020 жылды «Волонтер жылы» ретінде атауда зор астар жатыр деген ой түйеміз. Осы орайда, «Волонтер жылы» аясында әр түрлі салада еңбек етіп жүрген волонтерлық ұйымдардың жүйелі түрде бірлесе қызмет атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысуы бүгінгі күннің қажеттілігі деп білеміз», делінген үндеуде.

Маңғыстаулық еріктілер өңірімдегі барлық еріктілерді қайырымдылық жасауға шақырды.

«Өңіріміздің барлық еріктілер қозғалыстарын Отанымыздың гүлденуіне, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, жақсылық жасап жарысуға, қайтарымсыз қайырымды іс қылуға, ауылдарды абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға, экологиялық бастамаларды қолдау, балаларды қорғау, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету жолында қатарымызға қосылуға және өңір жұртшылығын еріктілер ұйымдарына қолдау көрсетуге шақырамыз! Біз, Маңғыстау еріктілері - барлық күш-жігерімізді бірлігімізді сақтауға, Отанымыз - Қазақстан Республикасының өркендеуіне және халық игілігі үшін жұмсайтындығымызды атап өтеміз!», - делінген жастар үндеуінде.


Жоғары қарай