Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Қостанай облысында басқарма басшысы тағайындалды

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 22:36

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Архимед Мұхамбетов облыс активіне басқарма басшысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы әкімінің өкімімен Азамат Совхозбайұлы Кашиев Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Азамат Кашиев 1986 жылы 29 тамызда Қостанай облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Бұрын Федоров ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кету керек, Азамат Кашиев Президенттік Жастар кадрлық резервіне енген үш жүз үміткердің қатарына кірді. Архимед Мұхамбетов басқарманың жаңа басшысына мемлекеттік қызмет көрсету мен ақпараттандыру саласының жұмысын жандандыруды тапсырды.



Жоғары қарай