Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Ақтөбеде зейнетақы төлемін аудармаған компанияға айыппұл салынды

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 16:57

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «БШПУ-Қазақстан» ЖШС-і алты ай бойы 380 жұмысшысына міндетті зейнетақы төлемін аудармаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хромтау аудандық прокуратурасы «БШПУ-Қазақстан» ЖШС-де еңбек заңнамасының сақталуын тексерді. Тексеру кезінде 380 жұмысшыға міндетті зейнетақы аударымдары уақытылы төленбегені анықталды. Мәселен, Т. Ақеділоваға 6 ай бойы 450 мың теңгеден астам зейнетақы аударымы жасалмаған.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңнамасы бұзылған. Заңбұзушылықтарды жою және қолданыстағы заңнама талаптарын тиісінше орындау мақсатында прокурорлық қадағалау актісі толтырылды. Серіктестік жұмысшыларына 90 миллион теңгеден астам зейнетақы жарналарын төледі. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының мемлекеттік кірістер басқармасы серіктестікке қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 91-бабының 7-ші бөлігі бойынша 26,5 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл толық көлемде төленді», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.


Жоғары қарай