Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпиондары анықталды

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 13:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Абайдың 175 жылдығы аясында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел чемпионатына биыл 260 спортшы қатысты. Екінші жарыс күнінің соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов марапаттады.




«Чемпионатта республикалық деңгейдегі екі жаңа рекорд орнатылды. Атап айтқанда, Қарағанды облысының спортшысы Давид Ефремов 60 м қашықтықты кедергілер арқылы 7.64 сек уақытта жүгіріп, 13-15 наурызда Нанкин қаласында (Қытай) өтетін әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, қостанайлық спортшы Татьяна Нерознак 3 000 қашықтықты 9:16,80 сек уақытта жүгіріп өтіп, ел рекордын жаңартты», - деді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.




Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Қарағанды облысының спортшылары иеленсе, ШҚО атлеттері ІІ орынға ие болды. Ал Қостанай облысынан келген қатысушылар ІІІ орынға аяқ тіреді.




Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр деңгейлі халықаралық және әлемдік жарыстарда ел намысын қорғамақ. Соның ішінде 12-13 ақпанда өтетін Азия Чемпионатына қатысу да жоспарланған.










Жоғары қарай