Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Алматыдан 356 км қашықтықта жер сілкінді

2020 жылдың 20 қаңтар 2020 09:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 20 қаңтар күні Алматы уақытымен 09 сағат 17 минут 18 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан 356 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10,1. MPV магнитудасы – 4,1. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.

Еске салайық, 20 қаңтар күні сағат 02.57-де Алматы облысында жер сілкінгені туралы хабарлаған болатынбыз. «Энергетикалық санаты 10.0. MPV магнитудасы 3.8. Тереңдігі - 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ», - делінген еді ақпаратта.

Сондай-ақ 19 қаңтарда сағат 19.27-де Алматыдан оңтүстікке қарай 370 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісі болды. Алматыда дүмпу 3-4 балл қуатымен сезілді. Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.


Жоғары қарай