Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Семейде жауынгерлік өнер фестивалі өтеді

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 12:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында жауынгерлік өнер фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығың құрметті президенті Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, қауымдастық өткен жылы 17 облыстық жауынгерлік өнер фестивалі мен 2 халықаралық шара ұйымдастырды. Аралас жекпе-жектен GFC пен Jayynger промоушені бірлесіп, Атырауда «GFC 17» турнирін өткізді. Карате киокушинкайдан 4-ші әлем чемпионаты өткізіліп, қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте 40 мемлекет арасынан 2-орынға ие болды.

«2020 жылы студенттер арасында муай-тайдан әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған әлемнің 30 елінен 300-ге жуық спортшы келеді деп күтіледі. Сонымен қатар Семей қаласында қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған Жауынгерлік өнер фестивалін өткіземіз», - деді Кәрім Мәсімов.


Фото: sportvko.gov.kz


Жоғары қарай