Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Әлемдегі ең кішкене адам өмірден озды

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 09:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең кішкене адам— Хагендра Тапа Магар 28 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Гиннестің рекордтар кітабының сайтына сілтеме жасап.

Хагендра Тапа Магар Непалда 1992 туған. Бойы 67,08 сантиметр болғандықтан әрі өздігінен қозғалу қабілетін сақтағандықтан әлемдегі ең кішкене адам болып танылды. Алғаш рет Гиннестің рекордтар кітабына 2011 жылы енгізілді.

Хагендра филиппиндік Джунрей Балауингадан жеті сантиметр биік еді, бірақ сырқатына байланысты ол өзгенің көмегінсіз жүре де, тұра да алмайтын.

Достарының айтуынша, соңғы уақытта Хагендраның жүрегі сыр берген, сондай-ақ өкпесі қабынып және демікпеге шалдыққан.

Непалдағы Manipal ауруханасына 16 қаңтарда жатқызылған ол жергілікті уақытпен 15:00-де қайтыс болды»,-делінген хабарламада.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай