Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

2019 жылы Қазақстанда қандай есімдер жиі қойылды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 18:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика миинстрлігі Статистика комитеті 2019 жылғы Қазақстандағы ең танымал есімдерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсіресе сәбилерге Әлихан мен Раяна есімдері жиі қойылған.

Қыздар арасында Раяна (5 151), Медина (4 924) және Айзере (3 908) аттары көш бастап тұр.

Сонымен бірге, Айша (3 823), Аяла (3 607), Асылым (3 285), Айару (3 014), Әмина (2 915) және Кәусар (2 309) есімдері де көптеп қойылған.

Ұлдар арасында Әлихан есімі 3 816 балаға берілген. Одан бөлек, Айсұлтан (3033) және Нұрислам (2304) есімдері соңғы 4 жылдан бері ең танымал есімдер қатарынан түспей келеді.

Әмір (2227), Әлинұр (2130), Рамазан (1999), Әли (1915), Ислам (1634), Алдияр (1601), Санжар (1588) есімдері де өткен жылы жиі таңдалған.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Статистика, Қоғам,
Жоғары қарай