Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Шымкенттік жастар Сенат депутаттарымен кездесті

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 01:10

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова жұмыс бабындағы сапар аясында Шымкент қаласының белсенді жастарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, М.Әуезов атындағы Орталық Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми-зерттеу орталығында өткен шараға педагогтар, басқармалардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Әңгіме барысында еріктілік, азаматтық қоғамды дамыту, дарынды жастарды қолдау туралы айтылды.





Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Нұрлан Бекназаров өз сөзінде Жастар жылын қорытындылады және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова Парламент Сенатының жанындағы Жастар кеңесінің алдағы жұмыс жоспарымен бөлісіп, жастарды Қазақстанның дамуындағы қозғаушы күш болуға шақырды.








Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920