Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Теннис: Бублик Аделаида турнирінің ширек финалына шыға алмады

2020 жылдың 14 қаңтар 2020 09:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Аделаида (Аустралия) ATP турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 33-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен кездесті.

Бірінші партияда ұлыбританиялық спортшы 7:5 есебімен басымдық танытты.

Екінші сетте де ол 5:1 есебімен алға кетті. Ақыры жеңісті уысынан шығарған жоқ – 6:2.

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Д.Эванс жүлде қоры 610 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың жартылай финалына шығу үшін ресейлік Андрей Рублев немесе америкалық Сэм Куэрридің біреуімен таласады.

Бүгін сондай-ақ жылдың ең басты додаларының бірі – Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстары да басталды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Аустралиядағы турнирді сәтті бастағанын, ал Елена Рыбакинаның үздік отыз теннисшінің қатарына кіргенін жазған болатынбыз.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай