Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Ыстанбұл әуежайында жолаушылар ұшағы оқыс жағдайға тап болды

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 15:58

ЫСТАНБҰЛ. АНАДОЛУ. ҚазАқпарат – Ыстанбұлдағы Сабихи Гёкчен атындағы әуежай сейсенбі, 7 қаңтар күні жолаушылар ұшағының оқыс жағдайға тап болуына байланысты жұмысын тоқтатты, деп хабарайды ҚазАқпарат «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.

Pegasus Airline әуе компаниясының борты БАӘ Шарджа қаласындағы халықаралық әуежайдан келген болатын.

Ыстанбұл губернаторы Кеңсесінің хабарлауынша, оқыс жағдай жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9.43-те ауа райының бұзылуына байланысты болды. Яғни ұшақ ұшып-қону алаңынан шығып кеткен.

Ұшақтағы 164 жолаушының барлығы эвакуацияланды, ешкім зардап шеккен жоқ.


Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай