Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Сарапшылар кімге баға қойып отырғандарын білген жоқ - Анар Жаилғанова

2019 жылдың 25 желтоқсан 2019 12:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу онлайн өтіп, ешқандай ықпал ету болған емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен болған брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іріктеудің ашықтығына келетін болсақ, оны бірінші кезеңнен бастап онлайн форматта өткіздік. Ол дегеніміз - барлық тест онлайн форматта өтеді деген сөз, яғни оған ешкім ешқандай ықпал ете алмайды», - дейді Анар Жаилғанова.

Ол іріктелген 300 адамның ішінде квазимемлекеттік сектордың жауапты лауазымдарына резервтегілерден бөлек мемлекеттік қызметкерлер де кіргенін айтты.

«Ал іріктелгендердің ішінде не себепті мемлекеттік қызметшілер болғаны туралы айтып өтсек, біздің қойған талаптар қарапайым болды. Ол 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі бар ҚР азаматы болуы керек. Сондай-ақ, кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Сондықтан осы талапқа сай болған қатысқысы келетін адамдардың бәрі қатысты. Конституциямыз бойынша басқа талаптар бойынша қатыстырмай қойып, құқығын шектеуге құқымыз жоқ. Одан кейінгі эссе жазу, жобаларды көрсету сияқты кезеңдер де онлайн форматта өтті. Сарапшылардың өздері де кімге баға қойып отырғандарын білген жоқ, себебі қатысушыдардың аты-жөндері кодпен тұрды. Бір жобаны қараған үш сарапшы да бірін-бірі танымайды және эссе мен жобаға өз бағаларын беріп отырды. Оның нәтижесі бірден базаға кетіп отырды, базаға кеткен есепте ешкім өзгерте алмайды», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Президенттік жастар кадр рещервіне іріктеу биыл қыркүйек айында басталды.

Жоғары қарай