Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Атырауда прокурорлардың мобильді тобы кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын болады

2019 жылдың 24 желтоқсан 2019 13:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда прокурорлардың мобильді тобы бизнес құқығын қорғайтын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі прокуратура жанынан мобильді топ құрылғаны туралы хабарлады. Мобильді топты құру мақсаты – кәсіпкерлердің бизнестерін дамытуға кедергі келтіретіні, олардың құқықтарын әртүрлі органдар бұзғаны туралы шағын және орта бизнес өкілдерінен келетін хабарламаларға жедел әрекет ету.

«Телефон арқылы негізсіз тексерулер туралы хабарлауға болады. Мұндай өтініштер прокурорларға көрсетілген мекенжайға бару үшін жеткілікті», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Жоғары қарай