Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

СҚО-ның Мамлют ауданында екі бірдей фронт-кеңсе ашылды

2019 жылдың 14 желтоқсан 2019 08:31

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында «ашық әкімдік» және көші-қон қызметінің фронт-кеңселері ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының мәліметінше, әкімшілік ғимараттың бірінші қабатында ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім саласының қызметкерлері, АХАТ өкілдері және мемлекеттік қызметтер бойынша кеңесші мен заңгер отырады. Енді тұрғындар жұмыстарын бітіру үшін бір ұйымнан екіншісіне барып, уақыттарын сарп етпейді. Бұл жерде мемлекеттік қызметтің 35 түрі көрсетілмекші.










«Аудан әкімі де халықты «ашық әкімдік» аясында қабылдауы қажет. Ал кеңсе қызметкерлері тұрғындардан ауылдағы тұрмысты жақсартуға бағытталған ұсыныстарды жинап, саралаулары керек», - деп атап өтті фронт-кеңсенің ашылу салтанатына қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысы Ернар Баянғазин.

Мамлют ауданының әкімі Руслан Анбаевтың сөзіне қарағанда, «ашық әкімдікті» құру жобасы әлі толық аяқталмаған. Халыққа ыңғайлы болуы үшін келер жылы мұнда терминалдар сатып алынып, электронды кезек енгізілмекші.










Бұл – СҚО-да ашылып отырған осымен бесінші «ашық әкімдік». Дәл осындай фронт-кеңселер қазір Петропавл қаласында және Шал ақын, Аққайың, Ғ.Мүсірепов аудандарында жұмыс істеп жатыр. Тағы екеуі келесі аптада пайдалануға беріледі.

Бұл күні Мамлютка қаласында ашылған тағы бір фронт-кеңсе көші-қон қызметіне тиесілі. Мамлют ауданы Ресей Федерациясының Қорған облысымен көрші орналасқан. Сол себепті көші-қон қызметіне күніне 15 адамға дейін келеді. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан 965 шетелдік азамат тіркеліп, 255-і шекаралас аймаққа кіру үшін рұқсат алған.




Енді мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша жайлы да кең фронт-кеңседе көрсетіледі. Бұл жерде екі маман қабылдайды. Төлем терминалдары, кулер орнатылған, электронды кезек жұмыс істейді. Кеңсенің ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысы Ернар Баянғазин қатысып, бұл жобаның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтатындығын атап өтті.

Жоғары қарай