Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Павлодарлық оқушылар Қатардағы олимпиададан жүлдемен оралды

2019 жылдың 11 желтоқсан 2019 18:45

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Дохада өткен Жас өрендердің халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасынан павлодарлық оқушылар «Күміс» медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Доха (Қатар) қаласында Оқушылар арасындағы Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы аяқталды. Жас өрендердің интеллектуалдық турниріне Қазақстанның атынан Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Дінмұхаммед Рақымжанов пен Владирмир Лим қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Дінмұхаммед пен Владимир күміс медальдармен марапатталды», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Павлодар облысының Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бағдәулет Нұрмат.




Ол бұл жарыстың балалар қатысқан екінші халықаралық олимпиада екенін атап өтті.

«Өткен жылы олар Ботсванада (Оңтүстік Америка) қола медаль иеленген болатын», - деді Б. Нұрмат.







Авторы Антон Гагарин

Басты сөздер: Білім, Павлодар облысы,
Жоғары қарай