Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

СҚО-да екі автокөлік отқа оранды

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 17:06

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында машина қозғалтқышында қысқа тұйықталу салдарынан жеңіл автокөлік отқа оранды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірер минутта жеткенімен көлік толықтай жанып кетті.

«Ақжар ауданындағы «Көкшетау-Омбы» автожолының 188 шақырымында электр сымдардың қысқа тұйықталуынан УАЗ автокөлігіне айтарлықтай зақым келді. Екі өртті де аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары сөндірді. Алайда автокөліктердің 5-8 минут ішінде толығымен жанып кететінін естен шығармаған жөн. Сондықтан әрбір автокөлік иесі қозғалыс құралдарының техникалық жарамдылығын, әсіресе электр жабдықтарын үнемі бақылап, қажет болған жағдайда оны жөндеуі қажет», - дейді СҚО ТЖД дағдарыс жағдайлар басқармасының бастығы Рүстем Жұмағалиев.

Автокөліктердің өртке орануының жиілеуін мамандар түрлі жылытқыштардың орнатылуымен де байланыстырып отыр.

Жоғары қарай