Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

Ақмолалық зілтеміршілер ел чемпионатында 3 алтын медаль иеленді

2019 жылдың 6 қараша 2019 21:06

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық зілтеміршілер ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері Анатолий Храпатыйдың құрметіне арналған жастар арасындағы ауыр атлетикадан ел чемпионатында 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен жарысқа еліміздің әр өңірінен 150-ден астам спортшы қатысты.

«Жарыс қорытындысы бойынша ақмолалық спортшылар он медаль иеленді. Оның ішіне Диана Жүсіпбекова (55 кг), Екатерина Столяренко (71 кг) және Рәшид Әскеров (+109 кг) алтын, Жалғас Сеиітов (62 кг), Сергей Петрович (73 кг), Айым Мұхаметжанова (49 кг), Жаслан Қалиев (81 кг) және Мира Ахметова (81 кг) күміс, Татьяны Новак (59 кг) және Александра Яковлева (64 кг) қол медальге қол жеткізді. Ал Мира Ахметова мен Владимир Котов ҚР спорт шеберінің нормативін орындады», дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.




Жерлестеріміз Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Батырбек Оздоев, жаттықтырушылар Сергей Шевченко, Джамалидин Панахов, Дмитрий Чурсин, Сағындық Кененбаев, Игорь Вашанов, Ербол Мейрманов және Ксения Полукарова жетекшілігімен жаттығады.













Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Спорт, Ақмола облысы,
Жоғары қарай