Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алматы әкімдігі Ботаникалық бақ алдындағы ағаштар неліктен кесілгенін түсіндірді

2019 жылдың 6 қараша 2019 18:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Ботаникалық баққа қарсы беттегі Байзақов-Тимирязев көшелерінің қиылысында тұрған ағаштар кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының жасыл экономика басқармасы осы жайтқа қатысты түсінік берді.

«Тұрғындарға қызмет көрсететін ғимарат салып жатқан жеке тұлға С.Аксенов «Алматының жасыл желектерді күту және қорғау ережелеріне» сәйкес, ғимарат құрылысына кедергі болатын ағаштарды кесу үшін талап етілетін құжаттардың бәрін әкелді», - деп мәлімдеді басқарма.

Ведомство дерегіне сүйенсек, 25 қазан күні С.Аксеновтің 10 ағашты кесуіне рұқсат берілген.

«Жеке тұлға С.Аксенов кесілген ағаштардың орнына 2019 жылдың 25 қарашасына дейін жалпы қала аумағында 50 көшет отырғызуға міндеттелді. Ғимараттың құрылысына Алматы қаласының құзырлы мекемелері келісім берген», - дейді басқарма өкілдері.

Басты сөздер: Құрылыс, Экология, Алматы,
Жоғары қарай