Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

2019 жылдың 3 қараша 2019 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 4 қараша күні Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

4 қарашада Түркістан облысында жауын-шашын болады, таңертең және күндіз кей жерлерде мол жауып, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауаның температурасы күндіз 3-8, кей жерлерде 0 градусқа дейін күрт төмендейді.

5 қараша күні Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын жауады, жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде кей жерлерде 0-5 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.

4 қараша күні Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүсік-шығыстан соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа жетуі мүмкін.

4 қарашада Жамбыл облысында кей жерлерде жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін. Кей жерлерге тұман түседі.

Тараз қаласында 4 қараша күні жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, таңертең және күндіз жылдамдығы 15-20 м/с, кейде 25 м/с-қа дейін жетеді. Тұман түсуі мүмкін.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай