Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 448.01
EUR 495.86
RUB 5.64
CNY 63.19

Тасымалдаушылардың 75% ілеспе құжаттарда жалған рәсімдейді

2019 жылдың 31 қазан 2019 21:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шекара арқылы өткізілген 428 автокөлік құралдарын тексергенде ішінен 319 жағдайда (75%) құжаттардағы мәліметтердің нақты тасымалданатын тауарларға сәйкессіздігі анықталған. Анықталған фактілер бойынша 16,1 млн теңге айыппұл салынды, деп мәлім етті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.

Экспорттық бақылау тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қадағалау мақсатында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен мемлекеттік шекарасында жүзеге асырылады.

Аталған бақылау түрі аясында 2019 жылдың басынан бері салмағы 2 844 тонна қара металл сынықтары мен қалдықтарын әкетудің 283 фактісі, салмағы 185,5 тонна макулатураны әкетудің 24 фактісі, салмағы 1 062 тонна мұнай өнімдерін әкетудің 623 фактісі, 50 тонна мал терісін әкетудің 4 фактісі, 225 текше метр көлемінде ағаш материалдарын әкетудің 37 фактісі анықталды, деп атап өтті МКК төрағасының орынбасары.

Рұқсат беру құжатынсыз шекара арқылы өткізуге жол бермеу үшін қосарлы мақсаттағы тауарларға қатысты бақылау жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 9 айында «Метиодиэтаноламин» тауарын алып өтуге 49 әрекет, әскери үлгідегі қару үшін патрондарды алып өтуге 2 факті анықталды.

Ресей Федерациясынан және Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілетін тауарларға қатысты бақылау іс-шараларын жүргізу шеңберінде салық төлеуден жалтару схемалары әшкереленді.

Қазіргі уақытта 252 салық төлеуші бойынша тауарларды әкелудің 601 фактісі белгілі болды, олар бастапқыда транзиттік өткізуге мәлімделгенімен, алайда Қазақстан аумағында қалған. Осы тауарлар бойынша айналым 4,7 млрд теңгені, шығын сомасы 574,6 млн теңгені құрады, - деп атап өтті МКК төрағасының орынбасары.

Шекарадан өту кезінде салық төлеуден жалтару және тыйым салынған заттарды алып өту фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмыс жетілдіріледі, оның ішінде мемлекеттік кіріс органдарына қосымша құзырет беру бөлігінде заңнамалық түзетулер қабылдау есебінен жетілдіріледі.

Сондай-ақ Жайдар Іңкәрбаев бүгінгі күні Мемлекеттік кірістер органдарының елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушылар үшін жағдай жасау бойынша қойылған міндеттерді жоспарлы түрде атқаратындығын айтты.

Жоғары қарай