Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Отырар ауданында ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді

2019 жылдың 3 қазан 2019 18:22

ОТЫРАР. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Отырар ауданында «Ұстаздар күні» қарсаңында «Ұстаз – нұрдың шуағы» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манаповтар құттықтау сөз сөйлеп, ағарту саласының мамандарына ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік жиында аудан басшысы ұрпақ тәрбиесінде еселі еңбек етіп жүрген бір топ ұстаздар қауымын облыстық білім басқармасы мен аудан әкімдігі атынан Алғыс хаттарымен марапаттады. Ал, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Егемберді Қасым бірнеше білім саласының өкілдеріне білім қызметкерлері кәсіподағының төсбелгісі мен Құрмет грамотасын табыстады.

«Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп жүрген ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі қашан да елеулі. Барша мамандықтың анасы саналатын мұғалімдік жұмыс қажырлы қайрат пен шыдамдылықты, терең білімді қажет етеді. Кез келген елде өркениетке бастар жол – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, мектептің жүрегі – мұғалім. Ұстазын ұлықтаған отырарлықтар атынан сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын»,- деді Әбдіғали Жүнісов.

«Ұстаз – нұрдың шуағы» тақырыбымен өткен мерекелік шарада аудандық мәслихаттың төрағасы да ыстық ықыласын білдірді.

«Мұғалім әр адамның жүрегінен үлкен орын алады. Ел болашағы - жастар десек, сол жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алып, жақсы маман болуына бірден-бір себепкер ұстаз екендігінде дау жоқ»,- деді Мырзахан Манапов.

Шара барысында сондай-ақ аудан өнерпаздары мерекелік концерт қойды. Әннен шашу шашылып, мың бұралған бишілер өнер көрсетті.




Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Білім, Түркістан облысы,
Жоғары қарай