Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Көкшетау жолында белгілерге қарамаған көлік шұңқырға түсіп кетті

2019 жылдың 30 қазан 2019 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласы бағытындағы жолда екі жолаушысы бар көлік шұңқырға түсіп кетті. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. «ҚазАвтоЖол» АҚ апатқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлер жол-көлік оқиғасының жолдағы ескерту белгілерінің болмауымен түсіндіруде. Алайда, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мұнымен келіспейтінін айтып, ескерту белгілері қойылған видеоны түсірген.

«Шұңқырға құлап кеткен көлік Көкшетау қаласына қарай бара жатқан. Ол жол жөндеу жұмыстары туралы белгіге мән бермеген. Бірінші белгі: жол жөндеу жұмыстары. Екінші белгі: жылдамдық шегі 50 шақырым, басып озуға тыйым салынған. Үшінші белгі: жылдамдық шегі 30 шақырым. Кейін айналып өту белгісі қойылған, әрі қарай блоктар, кірпіш пен қозғалыс бағыты белгісі бар. Белгілердің ара қашықтығы 150 метр. Бұл учаскеде жаңа су өткізу құбырлары орнатылып жатыр, жөндеу жұмыстары келесі жылдың қазанына дейін жалғасады. Көлікте екі адам болған. Олар зардап шеккен жоқ. Бұл учаскедегі белгілер 27 қазанда қойылған», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.

Басты сөздер: Көлік, Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай