Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

БҚО-да ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды

2019 жылдың 30 қазан 2019 16:41

ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 31 қазан күні кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласында желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі ықтимал.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындарға хабарламалар таратуда.

Өңірде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында шаралар алынуда. Тиісті күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Жоғары қарай