Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Президент: Жергілікті әкімдіктер кәсіпкерлік негіздерін жаппай оқыту бастамасын енгізуі тиіс

2019 жылдың 29 қазан 2019 23:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы Инвестициялар үйіне барды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы қаласындағы Инвестициялар үйіне бардым. «Qoldaý», Almaty Finance, «Almaty» микроқаржы ұйымы сынды құрылымдардың озық тәжірибесі басқа өңірлерге үлгі болуы қажет. Жергілікті әкімдіктер кәсіпкерлік негіздерін жаппай оқыту бастамасын енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізуі тиіс» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған орталықтарды аралап көріп, қолға алынған бастамалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдіргенін хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай