Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Шымкентте бокстан ХХХХ халықаралық турнир басталды

2019 жылдың 29 қазан 2019 23:29

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы кәсіби бокс клубының спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған 40-шы халықаралық турнирдің жалауы көтерілді. Жарысқа 7 мемлекеттен 100-ге тарта былғары қолғап шеберлері қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық жарысқа Малайзия, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің құрама командасына мүше спортшылар келді. Турнирдің ашылу салтанатына Қарақозы Әбдәлиевтің бауыры Оңғар Әбдәлиев пен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Сапарбаев, даңқты боксшы КСРО спорт шебері Сейдахмет Қонақбаев қатысты.

Сонымен бірге турнирдің қадірлі қонағы ретінде осы турнирдің бір кездегі жеңімпаздары болған бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов пен Азия ойындарының жеңімпазы Қанатбек Шағатаев, Атланта олимпиадасы құрамасының капитаны ҚРЕССШ Нұржан Сманов пен Аргентинада өткен әлем чемпионатының жүлдегері Құралбек Бұқаров қатысып отырды. Жарысты ұйымдастырушы әрі кәсіби бокс клубының директоры Заңғар Қасқаев осы мектептен Азия чемпионатында жеңіске жеткен жас спортшыларға құрмет жасады. Алғашқы жекпе-жектердің қорытындысында Өзбестан, Ресей және алаң иелерімен Түркістан облысының боксшылары мықтылық танытуда. 31 қазан күні өтетін ақтық сында турнирдің чемпиондарды анықталатын болады.

Айта кетейік, тарихы тереңде жатқан халықаралық бокс турнирі Қазақстан мен Өзбекстанның былғары қолғап шеберлерін шыңдалуына көп септігін тигізіп келеді. Одақ кезіндегі осы жарысқа қатысқан қаншама олимпиада чемпиондары шеберлігін шыңдады. Спортшылар турнирдегі алған тәжірибесінің арқасында олимпиада ойындарының жеңімпаздары да атанды. Олардың қатарында Руслан Чагаев, Галиф Жапаров, Геннадий Головкин сынды әлем чемпиондары бар.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Спорт, Шымкент,
Жоғары қарай