Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық адвокатын ауыстырады

2019 жылдың 28 қазан 2019 21:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Баланы көлігімен қағып кеткен қазақстандық азамат адвокатын ауыстырады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақын арада Қазақстан консулы тергеу амалдары қалай жүріп жатқанын анықтайды. Ол Қазақстан азаматына бірнеше рет барып қайтты. Қазақстандық азаматтың тергеу амалдарына қатысты шағымы жоқ. Бізге белгілісі - ол қазір адвокатын жеке меншік адвокатқа ауыстыруда.

Ол бұлай етуге құқылы. Бұған дейін онда Корея тарапынан ұсынылған адвокат болған», - дейді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, 16 қазан күні қазақстандық азамат Оңтүстік Кореяда баланы көлігімен қағып кеткен болатын. Ол бұл мемлекетте бір жылдам астам уақыт бойы заңсыз тұрып келген. Бүгінгі таңда Чанвон қаласындағы тергеу изоляторында жатыр.

Сондай-ақ , Оңтүстік Кореяда көлігімен баланы қағып кеткен қазақстандық азаматқа бірнеше айып тағылған болатын.

Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: ҚР СІМ, Оқиға,
Жоғары қарай