Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Сарыағашта шекарадағы кеден қызметін жандандыру мәселесі талқыланды

2019 жылдың 26 қазан 2019 21:08

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Сарыағаш ауданында шекарадағы кеден қызметін жандандыру мәселесі талқыланған жиын өтті. Аудан әкімі Мұхит Отаршиевтің төрағалығымен өткен басқосуда облыстық Үйлестіру кеңесінің мәжілісінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында кеден бекеттерінде жүк көліктерінің кептелісін болдырмау мен ретсіз сауданы жою мәселелері сөз болды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов пен аудандық кірістер басқармасының басшысы Ш.Жаңбырбаев және аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ә.Бекмұрзаевтардың баяндамалары тыңдалды. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы шекарадағы заңсыз жолаушылар тасымалын тоқтату бойынша тиісті мекемелермен бірлесіп, жүйелі түрде жұмыстарды атқаруды және нәтижесі бойынша аудан әкімдігіне апта сайын баяндау тапсырды. Аудандағы құқықбұзушылықты азайтып, құқық қорғау органдарының жұмысы мен шекарадағы кеден қызметін реттеу керектігін ескертті. Аудан әкімі бұл күні бірқатар кеден бекеттерін аралап шықты. Мұхит Отаршиев «Жібек жолы» кеден бекетінде болып, жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысып шықты. Халықаралық бақылау–өткізу бекеті Өзбекстан Республикасымен шекарада Жібек жолы елді мекенінде орналасқан. Мұнда екі бағытта мемлекеттік шекарадан өтетін адамдар мен көлік құралдарының шекаралық бақылау жүзеге асырылады. Айта кетейік, кеден бекеті арқылы тәулігіне 25-30 мыңға дейін адам және 150-200-ге жуық көлік өтеді. Екі ел арасындағы экономикалық әріптестік қарым-қатынас күн санап нығайып келеді.













Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Кеден, Түркістан облысы,
Жоғары қарай