Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Жаяу аралап шықтым – Маржықбаев Атбасардағы қоқыс мәселесі қалай шешілетінін айтты

2019 жылдың 28 қазан 2019 21:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев Атбасардағы қоқыс мәселесі қалай шешілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкініштісі, қала тазылығы жағынан қараусыз қалған. Сондай-ақ, Атбасардың инженерлік жүйесіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келген. Бүгінгі күні біршама шара қабылдап жатырмыз. Өз басым қаланың жартысын жаяу аралап шықтым. Барлық күресіндерді араладық. Бұл қоқыстар жылдар бойы жинақтала берген. Жыл басында Атбасарда 25 күресін болса, қазіргі уақытта соның 14-і ғана қалды. Бір күресінде шамамен 5 мың текше метр қоқыс үйілген десек, оның өзін жоюға 20-30 күндей уақыт кетеді. Техниканы барынша тарттық. Бұл істе бізге бизнес өкілдері қол ұшын созғанын айта кету керек. Қалған қоқыстың бәрін Атбасардан шығару үшін тағы бір жыл керек деп болар. Келесі жылдың аяғына қарай қаланы қоқыстан тазартып бітуіміз керек», - деді облыс әкімі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Өңір басшысының айтуынша, қаланың кейбір аумағы қоқыстан тазартылса да, таза аумақтарда қайтадан үйінділер пайда болып жатқан көрінеді.

«Бүкіл елдің мәдениеті өзгермесе, аталмыш мәселе түпкілікті шешілмейді. Себебі, кеше ғана қоқыстан тазартқан аумақтарға қайта қалдық үйіліп қалып жатыр. Биыл қала ішіндегі 1 800 метр жолды үшін биыл 1,5 млрд теңгеге таяу қаржы бөлінді. Бұл жұмыс қараша айында бітуі тиіс», - деді ол.

Жоғары қарай