Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Ақмоладағы кәсіпорын еліміздегі құс етіне сұраныстың 15 пайызын жаба алады

2019 жылдың 28 қазан 2019 22:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Макинск құс фабрикасы Қазақстанның құс еті бойынша импортының үштен бір бөлігін жапқалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құс шаруашылығы саласында бізде зор әлеует бар. Макинск құс фабрикасының бірінші кезеңінің іске қосылуымен (25 мың тонна, «Кус Вкус») құс етінің өндірісі 3 есеге өсті. Осылайша, кәсіпорынның республикалық көлемдегі үлесі де артқанын айта кету керек. 2020 жылы екінші кезең (50 мың тоннаға дейін) іске қосылғаннан кейін Макинск кәсіпорны Қазақстанның ішкі нарығының құс етіне сұранысының 15 пайызын қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ, ол кәсіпорын елдің осы өнім импортының 1/3 бөлігін жабады (жылдық импорт 170 мың тоннаға дейін)», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев.

Аймақ басшысы сондай-ақ, мал шаруашылығындағы етті және сүтті бағытта жұмыстың қарқынды жүргізіліп жатқанын айтып берді.

«Бүгінгі таңда біздің облысымыз республика бойынша мал бордақылаудың ең үлкен әлеуетіне ие. Бір уақытта 32 мыңға дейін ірі қара малды союға мүмкіндік бар. Бұған қолжетімді бордақылау алаңдарын тағы 10 мың басқа ұлғайту арқылы қол жеткізілді. Сонымен қатар асыл тұқымды мал сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жылы аймаққа Чехия, Словакия және Ресейден 6 мыңнан астам ірі қара мал әкелінді», - деді ол.

Жоғары қарай