Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Қарағанды облысында 72 ақбөкен атқан браконьерлер іздестірілуде

2019 жылдың 28 қазан 2019 17:47

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқапарат - Қарағанды облысы ішкі істер органдарының жеке құрамына 70-тен астам киік атқан күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша бағыттама берілді, деп хабарлайда ҚазАқпарат тілшісі.

26 қазан күні «Охотзоопром» және Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Нұра ауданына қарасты Жанбобек ауылынан 60 шақырым жерде мүйіздері кесілген 72 киіктің тұтас еті табылған.

Осыған орай облыстық полиция департаменті басшылығымен күдіктілерді ұстауға байланысты білікті мамандардан жедел-іздестіру тобы құрылған болатын.

Қарағанды өңірімен шектесетін облыстардың полиция қызметкерлерімен бірлесіп тосқауыл бекеттері қойылды. Бағыттамада көрсетілген автокөліктерге ұқсас барлық көлік құралдары тексерілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Жоғары қарай